«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!
Тақырыбы: «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін».
БЖЗҚ 2021 жылдың 10 желтоқсанында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.
Іс-шараның мақсаты - Қордың зейнетақы қызметтерінің сапасын арттыру және дамыту, тікелей, электрондық және қашықтан қызмет көрсету форматтарын дамыту арқылы қатысушылардың зейнетақы қызметтеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет көрсету арналарын кеңейту.
Кездесу барысында Қор мамандары зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтері кешенін алу мүмкіндігі жөнінде, зейнетақы калькуляторының жұмысы, БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері, сондай-ақ Қор кеңселеріне бару кезінде Қазақстан Республикасы азаматының:
Ашық есік күні зейнетақы қызметтері туралы ақпарат алғысы келетін Қор салымшыларының барлық санаттары үшін өткізіледі. БЖЗҚ мамандары іс-шараға қатысушыларға қызметтерді алудың әр түрлі тәсілдері туралы, сондай-ақ егер Сіз БЖЗҚ кеңсесіне келіп тұрып, бірақ үйде жеке куәлігіңізді ұмытып кеткен жағдайда, не істеу керектігіңіз жөнінде айтып береді.
Сондай-ақ кездесу барысында БЖЗҚ мамандары салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де береді.
Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 10 желтоқсанда (15.00 с.) онлайн форматта өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет (https://us05web.zoom.us/j/81175397425?pwd=NmNiN3AxUVJDM21MZVJuOU1rMnBuZz09). Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу: (811 7539 7425) және event-кеңес паролін енгізу: (1418) қажет.
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!