Ақтоғай ауданында көпбалалы аналармен кездесу өтті

Ақтоғай ауданында көпбалалы аналармен кездесу өтті

Бүгін аудан әкімінің ауданның көпбалалы аналармен кездесу өтті.
Өз құттықтауында Қаршыға Зәлмұханұлы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен және ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, қатысушыларға арнап ізгі тілектер мен жылы лебіздерін білдірді. Кездесу барысында көпбалалы аналардың жетістіктері жөнінде айтылып, өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен жақсы тілектер айтылды. Шара соңында аналарға есте қаларлық сыйлықтар табыс етілді.