Мүткенов ауылында жаңа мешіт ашылды

Мүткенов ауылында жаңа мешіт ашылды

Мүткенов ауылының құрылғанына 90 жыл және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Мүткенов ауылында мешіттің ашылуы өтті. Мешіт құрылысының бастамашылары жергілікті ауыл тұрғындары болды. Өткен жылы басталған мешіттің құрылысына Қазақстанның түкпір-түкпірінде, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде тұратын ауыл тумалары мен жергілікті ауылдық округінің тұрғындары шамамен 13 млн теңге жинады. Айта кетейік, мешіт құрылысы да ауыл тұрғындарының күшімен жүргізілді.
Мешіттің ашылуымен тұрғындарды облыстың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы, Ақтоғай а. мешітінің бас имамы Ахметолла қажы Жандарбекұлы, сондай-ақ Ақтоғай ауданының әкімі Қ. Арынов құттықтап, мешітке сыйлық ретінде музыкалық аппаратура табыс етті.