Құрметті Ақтоғай ауданы тұрғындары!

Құрметті Ақтоғай ауданы тұрғындары!

Ақтоғай ауданы әкімдігі 2021 жылғы 5 қазан күні сағат 15:00-де тікелей эфир арқылы ZOOM негізінде «Жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен сәулет саласында мемлекеттік қызмет көрсетулер жөніндегі мәселелер» тақырыбымен мемлекеттік қызмет көрсетулер жәрмеңкесін өткізуді жоспарлайды.

Жәрмеңкеге Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті өкілдері және жоғарыда аталған салалар бойынша жергілікті атқарушы органдар басшылары қатысады.

Жәрмеңке барысы Instagram  және Facebook әлеуметтік желілер парақшаларында онлайн түрде көрсетіледі. Барлық азаматтарды онлайн түрде белсенді қатысып, өзіңізді толғандыратын тақырыптар бойынша сұрақ қоюларыңызды, немесе әлеуметтік желілерде пікірлеріңізді білдіруді сұраймыз.

Сұрақтарыңыз болса (871841)21-5-76 телефоны арқылы хабарласуға болады.