Құрметті Ақтоғай ауданының тұрғындары!

Құрметті Ақтоғай ауданының тұрғындары!

2021 жылдың 25 қыркүйегінде Ақтоғай ауданының аумағында елді мекендерді абаттандыру бойынша жалпы облыстық сенбілік өтеді.

Барлық аудан тұрғындарын сенбілікке белсенді қатысуға және ауылдарымызды таза және жайлы етуге шақырамыз.

Сізден үй маңындағы аумақты қоқыстан тазартуды, құрылыстарды ретке келтіруді, сондай-ақ іргелес аумақты тиісті санитарлық жағдайда ұстауды сұраймыз.