Павлодар өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұжымы коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі "Ел үшін егілемін" Республикалық азаматтық штабымен кездесу өткізді

Павлодар өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұжымы коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі "Ел үшін егілемін" Республикалық азаматтық штабымен кездесу өткізді

«Біздің штабымыз тұрғындарға ақпараттың жаңа арналарын беру, оны түсінікті түрінде ұсыну жұмысымен айналысады», - дейді штаб жанындағы бастамашылық топ делегациясының құрамына кірген Заңгерлер одағының төрағасы Серік Беркамалов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда COVID-19 індетімен әлем бойынша сәтті күресіп жүрген мемлекеттердің бірі – Дания. Бұл елде індеттің үшінші толқыны да, адам өлімі де тіркелмеген.
«Бұған белсенді ұйымдастырылған вакцинация кампаниясы ықпал етті. Өйткені, жалпы тұрғындар санының 80%-і вакцина алған», - дейді спикер.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасовтың пікірінше, егер тұрғындарымыз, біздің кәсіпорындарымыздың ұжымдары коронавирус індетіне қарсы вакцина алса, өңіріміз қызыл аймақтан шығып, қалыпты өмірге оралатынымыз анық.

#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы
#РПППавлодар
#seriksadvakasov