"Денсаулық фестивалі" күні жаңа стадионның салтанатты ашылуы өтті

"Денсаулық фестивалі" күні жаңа стадионның салтанатты ашылуы өтті

Бүгін Ақтоғай ауылында жалпыхалықтық "Денсаулық фестивалі" күні аталып өтті. Осыған орай аудан орталығында жаңа стадионның салтанатты ашылуы өтті.

"Салауатты өмір салты мен  спортты дамыту мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі болып  табылады.  Бұл үшін біздің елімізде  барлық жағдайлар жасалған:  қазақстандықтар арасында  салауатты өмір салты белсенді түрде  насихатталып,  заманауи  спорт алаңдары  құрылуда. Спорт адам өмірінде ғана емес, бүкіл қоғамда да маңызды.", —деп атап өтті ауданымыздың әкімі Арынов Қ.З.

Сөз соңында бүгінгі «Денсаулық фестивалі» күнімен және де стадионның ашылуымен  құттықтaды.