1 қыркүйек күні елімізде жалпыұлттық халық санағы басталды. Биыл алғаш рет тұрғындар жайлы деректер екі әдіспен, онлайн және дәстүрлі форматта жиналады.
Азаматтар sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнамадан өте алады. Сұрақтарға жауап берген әрбір адам мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге өз үлесін қосады. Бүгін мен өзімнің және отбасымның санақ парақтарын толтырып, енгіздім – деп жазды Қ.З. Арынов өз парақшасында.
Ақтоғай ауданының әкімі ақтоғайлықтарға жалпыұлттық санақ екі айға созылып, 30 қазанда аяқталатынын еске салды. Ол сондай-ақ барлық ақтоғайлықтарды сауалнамаға қатысып, өздерінің азаматтық позицияларын көрсетуге шақырды.