Бүгін Ақтоғай ауданының әкімі Қ.З. Арынов COVID-19 коронавирусының таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысын өткізді.
Штаб отырысы барысында аудандық аурухананың бас дәрігері М.Д. Тукинов және Ақтоғай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.А. Скакова заң бұзушылықтарды анықтау жөнінде тыңдалды.
Жалпы, КВИ-мен күрес жөніндегі штаб отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімі COVID-19 алдын алу және халық арасында өзін-өзі емдеудің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.