Ақтоғай аудандық мәслихатының «Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ақтоғай аудандық мәслихатының  «Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешім жобасына  БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Осы шешім Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес қабылданады (әрі қарай - шешім жобасы).

Осы шешімнің қабылдау мақсаты Ақтоғай ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау болып табылады.

Шешім жобасы жергілікті бюджетті нақтылау кезінде қаржылық шығындарды талап етеді. Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешім жобасы 2021 жылғы 29 шілдеден бастап 2021 жылғы 12 тамызға дейін «Электрондық Үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=10425924