Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ZOOM режимінде тұрғын үй реформасы мәселелері қаралды.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ZOOM режимінде тұрғын үй реформасы мәселелері қаралды.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы туралы жаңа заң күшіне енгенін айтты.
 «Жаңа заңға сәйкес 2022 жылға дейін көпқабатты үйлерде мүлік иелеріне басқарудың – мүлік иелерінің бірлестігі немесе қарапайым серіктестік сынды екі форманың бірін таңдау керек. Бұл басқару формалары тұрғындарға үйге дербес басқару жүргізуге мүмкіндік береді», – деді Серік Сәдуақасов.
 Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Рашитов 1264 көппәтерлі тұрғын үйдің 9-ында мүлік иелерінің бірлестіктері және 30 көппәтерлі тұрғын үйде қарапайым серіктестіктер ұйымдастырылғанын айтты. Қазір кезде көппәтерлі үйлерді күтіп-ұстау қызметтері үшін ақы төлеу қарастырылған жоба бар.
 Осылайша, Павлодарда көпқабатты үйлерді күтіп-ұстауға ең төменгі тариф шаршы метрге 34 теңгені, ал ең жоғары сома – 58 теңгені құрауы мүмкін.
 Мүлік иелері қауымдастығының директоры Манарбек Әбенов 2021 жылғы 2 тамыздан бастап Павлодар қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша пилоттық жоба басталатынын айтты.
Мүлік иелерінің қауымдастығы тұрғындарға мүлік иелерінің бірлестіктерін (ОСИ) құруға жәрдемдесетін болады.
 Бұл ретте ірі пәтер иелерінің кооперативтеріне басқарушы компанияларға қайта құрылу  ұсынылды.
«City Group» ЖШС атқарушы директоры Думан Тоқашев мүлік иелерінің бірлестіктерін құру тәжірибесі туралы айтып, сондай-ақ «Спутник ЖКХ» бағдарламасын таныстырды.
«Кәсіпкерлердің назарын қазіргі кезде жаңа сервистік компаниялар құруға мүмкіндік барына аударғым келеді. Бұл нишаның әлеуеті зор», – деп қорытындылады Серік Сәдуақасов.

#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы
#seriksadvakasov
#РПППавлодар