Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының дирекциясы Өңірлік кеңеспен бірлесіп, бизнеспен көшпелі кездесулер циклін жалғастыруда

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының дирекциясы Өңірлік кеңеспен бірлесіп, бизнеспен көшпелі кездесулер циклін жалғастыруда

Ақсу өңірінің бизнес өкілдерімен кездесу барысында шағын индустриялық аймақта кәсіп бастаған кәсіпкерлермен, «Бастау» жобасының түлектерімен жемісті диалог жүргізілді.

«Жәңгір» пиццериясының иесі Марат Асқапов бизнесін кеңейтпек ойы бар. Осыған байланысты кәсіпкерге қосымша жер телімі қажет.

Жас кәсіпкер Алена Депутат балалар тоқыма киімін өндіреді. Кәсіпкер өз орынжайын сатып алу үшін несие алуды жоспарлағанын, алайда, кепілдік мүлкі болмағандықтан қиындық туындағанын айтты.

«Теплица Аксу» ЖШС жұмысымен танысу барысында Дәулет Сағындық компания 2017 жылы құрылғанын айтты. Кәсіпкер қияр өсірумен айналысады, өнімдерді Ақсу, Павлодар қалаларының базарларында сатады.

Ал «ДАНиЕр» ЖШС басшысы Нұрлан Нұрмағамбетов фирманың жіксіз құбырларды дайындаумен айналысатынын айтты. Кәсіпорын директоры тендерге қатысты мәселелер барын тілге тиек етті. Оның айтуынша, басқа өңірлерден ешқандай өндірістік базасы жоқ азаматтар тендерді ұтып кетеді, кейін жұмысты атқаруға субмердігерлерді жалдайды.

«Тимур» шаруа қожалығы 1994 жылы құрылған, қожалық басшысы Равиль Мингазовтың айтуынша, қожалық картоп, көкөніс, дәнді дақылдарды өсірумен айналысады. Ұжымда 47 жұмысшы бар. Фермер суға жоғары тариф белгіленгеніне шағымданды.

«Бизнес мәселелерін шешу – Өңірлік палатаның басты міндеті. Аудан-ауданға барып, кәсіпкерлермен кездесу диалог орнатудың тиімді жолы, нәтижесі де жақсы. Осылайша бизнестің түйткілдерімен жақын танысып, шешу жолдарын іздеуге болады. Кездесу барысында кәсіпкерлер көтерген барлық мәселелер жұмысқа алынды», – деп атап өтті Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы
#seriksadvakasov
#РПППавлодар