Бүгін "Жас Қанат" ЖРО қызметкерлері "Нұр Ана Әлемі" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп "30 игі іс" эстафетасын қолдап, "Сен жалғыз емессің" қайырымдылық акциясы аясында жастар орталығының залында Жүсіпова Асылының алмас мозайкадан жасалған сурет көрмесі ұйымдастырылды. Акциядан түскен ақшалай қаражат Асылыға шығармашылығын одан әрі дамыту үшін беріледі.