Ақтоғай ауданында екінші шағын индустриялық аймақ ашылды

Ақтоғай ауданында екінші шағын индустриялық аймақ ашылды

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданда кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсету, соңдай-ақ шағын индустриялық аймақтарды ашу жұмыстары жалғасып келеді. Бүгін Ақтоғай ауылында шағын аймақтың ашылу салтанаты өтті. Оның негізгі мақсаты – қажетті өндірістік инфрақұрылымы бар үй-жайларды ұсыну арқылы, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау болып табылады.

— Сіздерді ауданымыз үшін бүгінгі маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Осы шағын индустриялық аймақтың ашылуы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға ықпал етіп, әлеуметтік-экономикалық өсім біздің өңіріміздің игілігі үшін өсе берсін, — дейді Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Зәлмұханұлы Арынов.