Бүгін Ақтоғай ауданының әкімі Қ.З. Арынов кеңейтілген кеңес өткізді

Бүгін Ақтоғай ауданының әкімі Қ.З. Арынов кеңейтілген кеңес өткізді

Бүгін Ақтоғай ауданының әкімі Қ.З. Арынов ауылдық округ әкімдерімен өткен кеңейтілген кеңесте covid-ке қарсы вакцинациялау, халық санағы және өрт қаупі бар кезеңде күштер мен құралдарды жұмылдыру мәселелерін талқылады.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша аудан әкімі аудандық аурухананың бас дәрігеріне ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, вакцинациялаудың қажеттілігі бойынша үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Ал ауылдық округ әкімдеріне картографиялық материалдарды ұсынуды және көшелердің атаулары мен үйлердің нөмірлері жазылған тақтайшаларды орналастыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Дала өрттерінің алдын алу мақсатында ауылдық округ әкімдеріне елді мекендерді жырту керек. Сонымен қатар, дала өрттерін сөндіру үшін қажетті құралдарға түгендеу жүргізу қажеттігін атап өтті.