2 сәуір күні Ақтоғай ауданының әкімі Қ.З. Арынов жұмыс сапарымен Мүткенов ауылдық округінің Әбжан ауылында болды.

2 сәуір күні Ақтоғай ауданының әкімі Қ.З. Арынов жұмыс сапарымен Мүткенов ауылдық округінің Әбжан ауылында болды.

Сапар барысында Ленин атындағы негізгі мектебі, клубы, сондай-ақ Әбжан ауылының медпункті сияқты бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап көрді. Жұмыс сапары барысында жұмыс жағдайымен танысып, ауылдың мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, аудан әкімі Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының ішінде жаңадан ашылған дәріханада болды. Кәсіпкерімен кездесіп, бастамасына сәттілік тіледі.