«Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округінің Қараоба, Әуелбек ауылдарындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы» ШЕШІМНІҢ жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округінің Қараоба, Әуелбек ауылдарындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы» ШЕШІМНІҢ жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2021 жылғы 22 ақпанда «Ашық НҚА» порталында жарияланған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=2

ШЕШІМ Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Қараоба ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес әзірленген.

ШЕШІМНІҢ қабылдау мақсаты ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту.

ШЕШІМ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.