Ақтоғай аудандық маслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешім жобасының БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Ашық НҚА» порталында 2021 жылғы 11 ақпанда жарияланған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=6857865

Шешім «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидалары туралы № 504 қаулысының 10-тармағына сәйкес әзірленді.

Осы шешімнің мақсаты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік көмек көрсету шараларымен қамтамасыз ету, оның мөлшерлерін белгілеу және тізбесін айқындау болып табылады.

Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету.

2021 жылға жоспар бойынша 1431 адамға 40358,0 мың теңге көмек қарастырылған.