Ақтоғай ауданы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы «Ақтоғай ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтоғай ауданы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы «Ақтоғай ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 2-тармағына, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 2 «Ақтоғай ауданы Мүткенов алдық округінің Мүткенов ауылындағы кейбір көшелері мен тұйық көшесін қайта атау туралы» шешімінің негізінде, Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтоғай ауданы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы «Ақтоғай ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6187 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің қосымшасында № 152 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

         Сайлау учаскесінің орталығы: Мүткенов ауылы, Астана көшесі 1а, ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«КЕЛIСIЛДI»

Ақтоғай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

_______________ Ю.Горбенко

2021 жылғы _____  _____________