Ақтоғай ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы

Ақтоғай ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94 Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақтоғай ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.