2021 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін барлық үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді (есептерді) ҮЕҰ Дерекқорына тапсыруы қажет.

2021 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін барлық үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді (есептерді) ҮЕҰ Дерекқорына тапсыруы қажет.

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер және кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе Акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың, қызметті Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, infonpo.gov.kz веб-порталда электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыру ұсынылады.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді веб-портал арқылы электрондық түрде ұсыну үшін infonpo.gov.kz электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.

Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі қалды.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін 25 АЕК айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған.