VII шақырылған Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

VII шақырылған Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда Ақтоғай аудандық мәслихаты депутаттарының бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 9015 азамат енгізіліп, оның 8564-і немесе 95 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 8564 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 1 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 163 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 Саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде Саяси партиялар үшін 8456 дауыс берілді, оның ішінде:

"Nur Otan" партиясы - 6464 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 76,4% ;

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 705 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,3 % ;

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 546 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,5% - ын құрайды;

"ADAL" саяси партиясы – 741 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,8%.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

"Nur Otan" партиясы - 8 мандат;

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -1 мандат;

"ADAL" Саяси Партиясы - 1 мандат.

Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы