Ақтоғай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау сұлбасы мен тәртібін бекіту туралы

Ақтоғай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау сұлбасы мен тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы»Заңының 14-бабы 3-тармағының3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы»қаулысына сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 1-7 қосымшаларға сәйкес Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау сұлбасы; 8-қосымшаға сәйкес Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау тәртібі бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша