Бүгін Әбжан ауылында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған су құбыры іске қосылды.

Бүгін Әбжан ауылында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған су құбыры іске қосылды.

Бүгін аудан тарихы үшін аса маңызды оқиға! Ауданымыздың Әбжан ауылында су құбыры қолданысқа берілуде. Аталған жоба «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде іске асырылды. Бұл құрылыс нысандары ауыл тұрғындарын таза сапалы ауызсумен қамтамасыз етуде ерекше маңызды.

Мемлекет басшысы ел халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Бұл бағытта біздің ауданымызда өте көп жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні ауданның он елді мекенінде сумен жабдықтау объектілері толық көлемде жұмыс істейді.

"Жұмыспен қамту жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында, бірнеше күн бұрын Өтес және Жанабет ауылдарында су құбырлары ашылды. Яғни, биылғы жылы жоспарланған сумен қамту үш жоба толығымен пайдалануға берілді. Аталған нысандардың құрылысы жұмыспен қамту орталығы арқылы 70-тен астам адамды уақытша жұмыс орындарымен қамтыды. Осы нысандарды пайдалануға берілгеннен кейін 9 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

Алдағы жылдары ауданның 7 ауылында су құбырларының құрылысын жүргізу жоспарлануда, олар: Жалаулы, Шолақсор, Жамбыл, Жоламан, Жаңатап, Шұға, Барлыбай.