Қараоба ауылдық округінің Әуелбек ауылында шағын индустриялық аймақ ашылды.

Қараоба ауылдық округінің Әуелбек ауылында шағын индустриялық аймақ ашылды.

Мұнда шаштараздың ерлер мен әйелдер залдары, қас сәулетін жасауға болатын сұлулық салоны, сондай-ақ жиһаз шеберханасы, тігін және кондитерлік цехтар ашылды.
Әсем Қабиева "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша білім алғаннан кейін Сұлулық салонын ашуға Грант алды.
– Енді ауыл тұрғындарына қалаға барудың қажеті жоқ, шаштараз қызметін туған ауылынан да алуға болады, – дейді шаштараз Алтын Қыпшақбаева.
Ағаш шебері Саттар Нұртанов жиһаз шеберханасында ауылдастары үшін ас үй үстелдерін, орындықтар және т.б. жасауды жоспарлап отыр.