Құрметті Ақтоғай ауданының тұрғындары!

Құрметті Ақтоғай ауданының тұрғындары!

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

          Сайлауға қатысушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеудің негізінде жасайтынын назарларыңызға жеткіземіз. Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беретін күні тіркелмеген орында болуды жоспарлайтын азаматтарға дауыс беретін күнге дейін 30 күннен кешіктірмей аудан әкімдігіне (аудан әкімдігі, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75 үй, 34-каб. мекенжайы бойынша) өтініш беру қажет.

          Аталған құқықты:

- дауыс беретін күні тіркеу орны бойынша болмайтыны белгілі болған азаматтар;

          - жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын және жатақханадан тыс тұратын басқа қаладан келген студенттер;

          - вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар қолдана алады.

          Тізімдегі деректерді +7 (71841) 21665 нөмірі бойынша Ақтоғай ауданының Call-орталығы арқылы не өз деректеріңізде +7 777 332 65 76 WhatsApp нөміріне жібру арқылы тексеруге болады.

          Call-орталықтың жұмыс кестесі:

          дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-14.30);

          сенбі, жексенбі – сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.

          Ақтоғай ауданының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстанымын білдіруге және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысуға шақырамыз!