2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 16-бабына сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте қоғамдық негізде медиация жүргізетін қоғамдық медиаторлардың тізілімін аудан әкімі жүргізеді.
Қазіргі таңда Ақтоғай ауданы бойынша қоғамдық медиаторлар тізілімінде 10 медиатор тіркелген. Оның ішінде 3-і Ақтоғай ауылының тұрғындары, ал Қожамжар, Қараоба, Муткенова, Жанабет, Ақжол, Жалаулы және Шолақсор ауылдарының әрқайсысынан бір медиатордан бар.
Олардың барлығы қоғамда құрметке ие, өмірлік тәжірибесі мол, беделді және мінсіз абыройға ие азаматтар. Прилож Актогай каз