Конкурс

Конкурс

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы «27» сәуір сағат 10.00-де, ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа (фермер) қожалығын  жүргізу үшін уақытша өтеулі (жалдау) жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс мына мекен-жайы бойынша өткізеді: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы,  Абай көшесі, 75, «Ақтоғай ауданының әкімі аппараты» ММ.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін мына мекен жайда қабылданады: Ақтоғай ауданы, Ақтоғай а., Абай көшесі, 77. Жұмыс телефондары 87184121425,  87184121527.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу осы ақпараттық хабарлама (ХАБАРЛАМА) алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң басталады және өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.Өтінімдер 2026 жылғы «6» сәуірден бастап 2026 жылғы «24» сәуір аралығында қабылданады.

Конкурс өтінімдерінің конверттері 2026 жылғы «27» сәуір сағат 10-00 де, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай а. Абай көшесі 75, мекен-жайы бойынша ашылады, мәжіліс залы 1–ші қабат. Ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа(фермерлік) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

 

Жер Кодексінің 43-1-бабының 9-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген, өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

                Конкурстық ұсыныста:

                1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

                2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

                3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

                Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

                Жер Кодексінің 43-1-баптың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

Конкурс бойынша толық ақпаратты «Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ –де алуға болады, мына мекен-жайы бойынша: Ақтогай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 77, немесе тел. 8(71841)21-4-25.

 

 

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

 

 

Р/с

 

 

Лот-тың №

 

 

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

 

 

 

Ауыл шаруашылық мамандануы

Жалдау мерзім, жыл

 

Жер учаскесінің жалпы ауданы, га

 

 

Алқаптардың құрамы, оның ішінде

Бонинет баллы

 

 

Сапалы топырақтың сипаттамасы

 

Кадастрлық квартал

 

 

тыңайған жерлер

шабындықтар

жайылымдар

басқа жерлер

барлығы

оның ішінде

түбегейлі жақсартылған

таби ғи

1

1

Қараоба а/о

мал шаруашылығы

12

343,2

 

 

340,0

 

340,0

3,2

10

Қара - қоңыр

-169

2

2

Ақтоғай а/о

мал шаруашылығы

12

90,7462

 

 

90,4462

 

 90,4462

0,3

13

Қара - қоңыр

-106

3

3

Ақтоғай а/о

мал шаруашылығы

12

145,96

 

 

143,46

 

143,46

2,5

11

Қара - қоңыр

-082

4

4

Ақтоғай а/о

мал шаруашылығы

12

113,0

 

 

112,8

 

112,8

0,2

11

Қара - қоңыр

-085

5

5

Ақтоғай а/о

мал шаруашылығы

12

450,4

 

 

450,0

223,0

227,0

0,4

11

Қара - қоңыр

-085

6

6

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

893,2

 

 

890,5

 

890,5

2,7

11

Қара - қоңыр

-041

7

7

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

260,7

 

33,1

227,6

 

227,6

 

13

Қара - қоңыр

-138

8

8

Ақжол а/о

өсімдік шаруашылығы

12

219,5

219,0

 

 

 

 

0,5

14

Қара - қоңыр

-137

9

9

Ақжол а/о

өсімдік шаруашылығы

12

185,8

185,4

 

 

 

 

0,4

14

Қара - қоңыр

-068

10

10

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

800,0

 

 

518,0

 

518,0

282,0

9

Қара - қоңыр

-040

11

11

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

573,5

 

62,4

511,1

214,0

297,1

 

12

Қара - қоңыр

-072

12

12

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

451,3

 

 

424,6

 

424,6

26,7

13

Қара - қоңыр

-038

13

13

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

140,1

 

 

140,1

140,1

 

 

11

Қара - қоңыр

-068

14

14

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

99,1556

 

 

98,7556

 

98,7556

0,4

11

Қара - қоңыр

-069

15

15

Ақжол а/о

өсімдік және мал шаруашылығы

12

373,1

297,3

 

75,8

75,8

 

 

12

Қара - қоңыр

-041

16

16

Ақжол а/о

мал шаруашылығы

12

217,9

 

 

217,0

 

217,0

0,9

12

Қара - қоңыр

-066

17

17

Мүткенов а/о

өсімдік шаруашылығы

12

52,3

51,3

 

 

 

 

1,0

14

Қара - қоңыр

-122

18

18

Мүткенов а/о

өсімдік шаруашылығы

12

400,9

399,7

 

 

 

 

1,2

13

Қара - қоңыр

-130

19

19

Мүткенов а/о

өсімдік және мал шаруашылығы

12

289,8

283,0

 

6,1

 

6,1

0,7

11

Қара - қоңыр

-126

20

20

Мүткенов а/о

өсімдік шаруашылығы

12

114,4

114,4

 

 

 

 

 

12

Қара - қоңыр

-117

21

21

Жалаулы а/о

мал шаруашылығы

12

481,8

 

 

479,8

420,0

59,8

2,0

13

Қара - қоңыр

-017

22

22

Жалаулы а/о

мал шаруашылығы

12

73,5

 

 

73,0

 

73,0

0,5

12

Қара - қоңыр

-018

23

23

Жалаулы а/о

мал шаруашылығы

12

203,0

 

 

203,0

203,0

 

 

12

Қара - қоңыр

-007

24

24

Қожамжар а/о

мал шаруашылығы

12

102,52

 

 

97,92

 

 

4,6

13

Қара - қоңыр

-052

25

25

Қожамжар а/о

өсімдік

шаруашылығы

12

56,1

56,0

 

 

 

 

0,1

11

Қара - қоңыр

-051

Барлығы

7 131,8818

1 606,1

95,5

5 099,9818

1 275,9

3 824,0818

330,3