Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңы негізінде «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Ақтоғай ауданының ауылдық округтерінің жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» Ақтоғай ауданы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленді.
Осы қаулы жобасын қабылдау мақсаты жайылым жерлерді тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады.
Қаулы жобасы қаржылық шығындарды болжайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Жоба
Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде
Ақтоғай ауданының ауылдық округтерінің жайылым
айналымдарының схемаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімі Қ. Арынов