«Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтері

«Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтері

«Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ «Спортшы 2-ші разряды, спортшы 3-ші разряды, спортшы 1-ші жасөспірімдер разряды, спортшы 2-ші жасөспірімдер разряды, спортшы 3-ші жасөспірімдер разряды және жоғары біліктілікті жоғары деңгейлі екінші санатты жаттықтырушы, орта деңгейлі екінші санатты жаттықтырушы, жоғары біліктілікті жоғары деңгейлі екінші санатты әдіскер, орта деңгейлі екінші санатты әдіскер, жоғары біліктілікті жоғары деңгейлі екінші санатты спортшы-нұсқаушы, спорт төрешісі» спорттық разрядтарын беру мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Бұл мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру және олардан айыру, төсбелгілерді беру, сондай-ақ олардың сипаттамалары туралы» Ережесіне сәйкес көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күннен аспайды, қызмет тегін көрсетіледі.

Қызмет алушы қатысқан жарыс хаттамаларының саны, спорт түрі, спорттық разряды және біліктілік санаты бойынша бірыңғай спорттық біліктілікке сәйкес беріледі.

Мемлекеттік мекеменің ғимаратындағы стендте жалпыға қолжетімді жерде спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру және олардан айыру, төсбелгілерді беру, сондай-ақ олардың сипаттамалары туралы ереже мәтіні орналастырылған.

2025 жылдың 11 айында бөліммен 123 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

-2-ші разряд спортшысы - 44

- 3-ші разряд спортшысы - 4

-1-ші жасөспірімдер разряд спортшысы - 14

-2-ші жасөспірімдер разряд спортшысы - 20

-3-ші жасөспірімдер разряд спортшысы– 36

-жоғары біліктілікті жоғары деңгейлі екінші санатты жаттықтырушы – 3

-спорт төрешісі – 2.