ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 26 маусымда Ақтоғай ауданы әкімдігінің ғимаратында үлкен мәжіліс залында сағат 11:00-де VIІІ шақырылған Ақтоғай аудандық мәслихаттың кезекті ХХХIІІ сессиясы шақырылады.  

Сессия Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі:    

  1. Жолболды ауылдық округі әкімінің есебі туралы.

Баяндамашы: Жолболды ауылдық округ әкімі – Аралов Еламан Ертісұлы. 

  1. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы.

Баяндамашы: Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы – Рамазанов Дархан Бәқібайұлы.

  1. «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы.

Баяндамашы: Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің басшысы – Мукитов Нұрбол Нұртазаұлы.      

  1. «Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беру және жерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда жерлерді қайтару жұмысы туралы.
  2. Ақтоғай ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарын бекіту туралы.

Баяндамашы: Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы – Абылшаиқов Айбек Канағатұлы.        

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» № 168/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Ақтоғай ауданының  экономика және бюджеттік  жоспарлау бөлімінің басшысы – Бектұров Оразғали Жұмабайұлы.