2025 жылғы 26 қазанда № 1, 3, 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Ақтоғай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 26 қазанда №1, 3, 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Ақтоғай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.
№ 1 сайлау округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 847 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 533 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй - жайлардан тыс – 17 адам қатысты.
Үміткерлердің жалпы саны – 3.
№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша келесі қорытындылар белгіленді:
Какимова Г.Е. үшін сайлаушылардың 426 дауысы берілді,
Мешітбай Ж.М. үшін сайлаушылардың 60 дауысы берілді,
Примжаров Р.А. үшін сайлаушылардың 21 дауысы берілді,
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 16.
Сайлау қорытындылары бойынша Ақтоғай аудандық мәслихатының №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаты болып Какимова Гульдана Ертаевна сайланды, ол 1981 жылы туған, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің «Нығыман Алшынов атындағы Жалаулы жалпы орта білім беру мектебі» КММ директоры, Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында тұрады.
№ 3 сайлау округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 759 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 407 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй - жайлардан тыс – 1 сайлаушы.
Үміткерлердің жалпы саны – 3.
№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша келесі қорытындылар белгіленді:
Жакен К.К. үшін сайлаушылардың 111 дауысы берілді,
Жуманов А.М. үшін сайлаушылардың 96 дауысы берілді,
Оспанова Б.К. үшін сайлаушылардың 184 дауысы берілді,
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны-8.
Сайлау қорытындылары бойынша Ақтоғай аудандық мәслихатының №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаты болып Оспанова Бибигуль Конкушевна сайланды, ол 1966 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылында тұрады.
№ 10 сайлау округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 851 азамат енгізілген. Дауыс беруге - 571 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй - жайлардан тыс жерде – 7 сайлаушы.
Үміткерлердің жалпы саны – 3.
№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша келесі қорытындылар белгіленді:
Адалбулов К.С. үшін сайлаушылардың 38 дауысы берілді,
Алтыбасаров М.Е. үшін сайлаушылардың 471 дауысы берілді,
Омарова А.Е. үшін сайлаушылардың 52 дауысы берілді,
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны-5.
Сайлау қорытындылары бойынша Ақтоғай аудандық мәслихатының №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаты болып Алтыбасаров Марат Еркишевич сайланды, ол 1977 жылы туған, «Жиырма бес» ЖШС басшысы, Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылында тұрады.
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы