Сайлау күні туралы хабар

2026 жылғы 21 маусым –

Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінің әкімін сайлау

 

Құрметті сайлаушылар!

 

№ 152, 154, 155, 156 учаскелік сайлау комиссиялары

2026 жылғы 21 маусымда

сағат 07: 00-ден 20:00-ге дейін

Сіздерді Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінің әкімін сайлауында келесі мекенжайлар бойынша дауыс беруге қатысуға шақырады:

Сайлау учаскесі

Мекенжай

Телефон

№ 152

Мүткенов ауылы, Астана көш., 1а

(Мәдениет үйі ғимараты)

8(71841) 40843

№ 154

Жанатап ауылы, Орталық көш., 21/1

(ауылдық клуб ғимараты)

8(71841) 40886

№ 155

Жанабет ауылы, Мектеп көш., 15

(ауылдық клуб ғимараты)

8(71841) 40868

№ 156

Әбжан ауылы, Мектеп көш., 7

(ауылдық клуб ғимараты)

8(71841) 40178

 

Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың болуы қажеттігін естеріңізге саламыз.

Білуіңіз қажет!

Азаматтар сайлаушылар тізіміне тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негізінде енгізіледі. Өзіңізді сайлаушылар тізімдерінен 2026 жылғы 06 маусымнан бастап учаскелік сайлау комиссиясында тексере аласыз.

Егер денсаулық жағдайыңызға немесе отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіңізге байланысты Сіз дауыс беру үшін өзіңіз тізіміне енгізілген учаскеге келе алмасаңыз, онда 21 маусым сағат 12.00-ден кешіктірмей, жазбаша өтініш беруіңіз қажет, сосын учаскелік сайлау комиссиясы Сіздің болатын жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастырады.

 

Құрметпен, 

Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
11 июня 2026