Аңдатпа

Аңдатпа

2025 жылғы 30 мамыр күні бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен аудандарында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді!

Заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді, білікті ұсыныстар береді және сізге заң тұрғысынан көмектеседі.

Ақтоғай ауданында іс-шара «Open Aktogai» ашық әкімдігінің              үй-жайында өтеді.

Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж барлық адамдарды күтеміз! Акция өткізу мекенжайы Ақтоғай ауылы, Қ. Алин көшесі, 97.

Басталуы 17: 00.

Кіру тегін!

«Халық заңгері» акциясы ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша өткізіледі.