Ақжол ауылының мәдениет үйінде осыдан 10 жылдан астам
уақыт бұрын Ақжол ауылы ауылдық кітапханасының
кітапханашысы Ярина Дмитриевна Кравченконың бастамасымен
ауыл тұрғындарының қолдауымен этнографиялық мұражай ашылды.
Онда көне экспонаттар – тұрмыстық ыдыстар, құралдар мен
ұлттық киімдер бар. Мұражайға қойылған экспонаттардың кейбірі
нағыз сирек кездесетін жәдігерлер.Келіңіздер!