"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясының аясында, Ұлы жеңістің 80 жылдық және біздің жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Қайырбаев Махмет Қайырбайұлының 100 жылдық мерейтойына орай, батыр атымен аталған мектеп аумағында 20 ағаш көшеттері отырғызылды. 20 ағаш көшетінің отырғызылуының себебі жерлесіміз Махмет Қайырбайұлы бар болғаны 20 жасында Кеңес Одағының батыры атанғанын білдіреді.