2025 жылдың 31 наурызы мен 30 сәуір аралығында Павлодар облысы бойынша абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы жарияланды.
Сіздерден үй маңындағы аумақты қоқыстардан тазартуды, құрылыстарды ретке келтіруді, сондай-ақ, іргелес аумақты тиісті санитарлық жағдайда ұстауды сұраймыз!
Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы мен Ақтоғай ауылдық округі әкімдігінің өкілі тексеру жүргізеді. Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабына сәйкес абаттандыру ережелерін бұзу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.