
Бүгін Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы аумағында орналасқан «Ақтоғай-Агро» фирмасы ЖШС-нің «4000 бас ірі қара малға арналған сүт-тауарлы ферма» нысаны бойынша НДВ, ПУО, ПЭК жобаларына және табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарына рұқсат алу үшін жобалық материалдарды талқылауға арналған қоғамдық тыңдау өтті.
Тыңдау барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, жобалау ұйымының өкілдерінен толыққанды жауаптар алды.