Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Ақтоғай ауылында "Ақ бота" бөбекжай-балабақшасының жаңа корпусын салтанатты ашу рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Ақтоғай ауылында "Ақ бота" бөбекжай-балабақшасының жаңа корпусын салтанатты ашу рәсімі өтті

40 балаға арналған ғимарат замануаи стандарттарға сай салынған: кең де жарық топтар балалардың жан-жақты дамуына қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Балабақшада мемлекеттік тілде оқытылатын 4 топ жұмыс істейтін болады. Тәрбиеленушілерге логопоед, музыка жетекшісі және педагог-психолог сынды мамандардың қатысуымен қосымша сабақтар ұйымдастырылады.