23 маусым күні Мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты мерекелік концерт өтті.
Шара барысында сала қызметкерлері құттықталып, үздіктер алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды. Концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар ән шырқап, би билеп, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Бұл мереке – қоғам тыныштығы мен мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз ететін азаматтардың еңбегіне деген құрметтің белгісі.