Жоламан ауылында “Ақтоғай” жазғы лагері салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға ауыл тұрғындары мен балалар қатысты. Лагерьдің ашылуында балаларды ауыл әкімі құттықтап, жазғы демалыстың қызықты әрі пайдалы өтуіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, музыкалық мектептің көркемөнерпаздары көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, концерттік бағдарлама ұсынды.