Тұмаудың алдын алуға арналған вакцинация

Тұмаудың алдын алуға арналған вакцинация

Тұмаудың алдын алуға арналған вакцинация

 

 

     Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 2020 жылы халықты вакцинациялау науқаны Қазақстанда 15 қыркүйектен - әдеттегіден екі апта бұрын басталатынын еске салады. Вакцинация 15 қарашаға дейін жалғасады.

"Тұмауға қарсы Вакцинация қауіпті санаттағы адамдар үшін тегін жүргізіледі, атап айтқанда: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар; медицина қызметкерлері; жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3-ші триместрі); жабық типтегі мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп-интернаттар); ересектер мен созылмалы аурулары бар балалар; 60 жастан асқан қарт адамдар.

    Бұл ДДҰ ұсынған 10 пайыздан кем емес қамту кезінде өңірдің жалпы халқының 10 пайызынан астамын қамтуға мүмкіндік береді.

     Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Жалелов Абзал Ермекұлы барлығын вакцина алуға және өз денсаулығына жауапты болуға шақырады.

 

 

Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы