Ақсу қаласында білім беру мекемелерінде қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңес өтті.

Ақсу қаласында білім беру мекемелерінде қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңеске қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ Ақсу өңірінің білім беру мекемесінің басшылары қатысты.
Білім бөлімінің басшысы білім беру мекемелерінің аумақтарында қауіпсіздікті сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, бейнебақылау камералары мен дабыл түймелерінің болуы туралы баяндады.
Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі Н.Ш.Дүйсенбинов  білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруды, өлі аймақтарға назар аударуды, барлық өлі аймақтарды бейнекамералармен қамтамасыз етуді, Полиция бөлімі білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесін ерекше бақылауға алып, әр мектепке мектеп инспекторын тағайындау мәселесін қарастыруды тапсырды.