Қала әкімі Ақсу өңірінің тұрғындарынан келіп түскен өтініштер бойынша ауылдық округ әкімдерімен және мемлекеттік мекеме басшыларымен жедел аппараттық кеңес өткіздім.

Қала әкімі Ақсу өңірінің тұрғындарынан келіп түскен өтініштер бойынша ауылдық округ әкімдерімен және мемлекеттік мекеме басшыларымен жедел аппараттық кеңес өткіздім.

Кеңес барысында Н.Ш. Дүйсенбинов мемлекеттік мекемелердің басшыларына бірқатар тәртіптік жаза қолданды:
• Шұңқырларды жөндеу, ағаштарды кесу, көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізетін мердігер ұйымдарды әлсіз бақылағаны үшін ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Б. Қ. Азаматовқа басшының лауазымына толық емес қызметтік сәйкестігі үшін ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылсын.
• Әлеуметтік желілерде азаматтардың келіп түскен өтініштеріне уақытылы ден қоймағаны үшін Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Д. З. Зайсановаға басшының лауазымына толық емес қызметтік сәйкестігі үшін ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылсын.
• Құркөл ауылының стадионы мен футбол алаңының қоршауын жөндеу бойынша халықпен есептік кездесу барысында берілген тапсырманы орындамағаны үшін М. Омаров атыңдағы ауылдық округінің әкімі Б. Сукерге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдансын.
• “Ақсу Су арнасы” КМК директорының орынбасары К. Б. Қалиевке кәріз коллекторындағы апаттарды жоюда көрсетілген немқұрайлылық үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылсын.
Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі  азаматтардың келіп түскен өтініштеріне уақтылы ден қою бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. С. Дөнентаев атыңдағы мәдениет сарайының жанына ағаш отырғызылсын.

Ауылдық округтердің әкімдері ауылдық елді мекендердегі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін тазаласын. Қалқаман ауылында интернационалист-жауынгерлер паркін ашуды, сондай-ақ саябаққа ағаш отырғызу ұйымдастырылсын.