Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссиясының жоспардан тыс отырысы өтті.

Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссиясының жоспардан тыс отырысы өтті.

Күн тәртібінде “Ақсу өңірі аумағындағы су тасқыны кезеңінің барысы туралы” мәселе қарастырылды.
Ақсу қаласының ТЖ бөлімінің бастығы С. Ж. Мәдеев ағымдағы жағдай туралы баяндады.

Отырыс барысында қала әкімі барлық проблемалық аймақтар мен оларды шешу жолдарын белгілеуді тапсырды. Нысандарды қорғау үшін жер үйіндісін уақытылы ұйымдастыруға дербес жауапкершілікті бекіту. Сондай-ақ су тасқынының екінші кезеңіне дайындық, атап айтқанда су қоймаларының Жоғарғы-Ертіс каскадынан Ертіс жайылмасына су ағызу кезеңіне бөгеттерді нығайту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.