Қала әкімі Қанаш Қамзин ауылдық округіне қарасты Ребровка ауылында «Кронос-Павлодар» ЖШС-нің тауарлы-сүт фермасының құрылысымен танысты.
Шаруашылыққа Даниядан Голштин-фриз тұқымды 272 бас ірі қараның бірінші партиясы әкелінді. ТСФ жобалық қуаты 1 893 бас ірі қара мал және 16 170 тонна сүтті құрайды.
Жобалық қуаттылыққа кезең-кезеңімен қол жеткізу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Шаруа қожалығында 120 жаңа жұмыс орны ашылады. Қанаш Қамзин ауылында «Кронос-Павлодар» ЖШС жұмысшылары үшін екі пәтерлі 18 тұрғын үй салу жоспарлануда.