«Бочча» паралимпиадалық спорт түрінен Ақсу қаласының кубогы үшін қалалық турнирдің ашылу салтанаты

«Бочча» паралимпиадалық спорт түрінен Ақсу қаласының кубогы үшін қалалық турнирдің ашылу салтанаты

Қала әкімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Спорт сарайында «Бочча» паралимпиадалық спорт түрінен Ақсу қаласының кубогы үшін қалалық турнирдің ашылу салтанатына қатысты.

Пара-спортшыларды турнирдің ашылуымен құттықтауға Қазақстан Бочча федерациясының бас хатшысы Н. Т. Ульжекова, Павлодар облыстық Бочча федерациясының президенті И. С. Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты А. Н. Толмачев келді.

Турнирге қатысуға Павлодар және Екібастұз қалаларынан спортшылар келді. Барлығы 42 спортшы қатысуда.

Бочча – бүгінде елімізде белсенді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі.

Биылғы жылы Қазақстанның Бочча Федерациясы ресми түрде Халықаралық «Boccia International Sports Federation» Бочча Федерациясының мүшесі болды.

Бұл біздің қазақстандық пара-спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын үлкен жетістік.

Қала әкімі барлық турнир қатысушыларын осы айтулы оқиғамен құттықтады!

Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, табыс және жаңа жеңістер тіледі!