Қала әкімінің Ақсу қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесуі

Қала әкімінің Ақсу қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесуі

Қала әкімі Балалар шығармашылығы үйінде Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесті.

Ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып берді.

Кездесу барысында тұрғындар дауыл кезінде көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырларын қалпына келтіру, Иртышская көшесін асфальттау, Черемушки шағын ауданында көше жарығын жөндеу және қоқыс шығаруды ұйымдастыру, «Энергетик» саяжай алабын сумен жабдықтау, балалар ойын алаңдарын орнату мәселелерін айтты.

Кездесуден кейін мемлекеттік мекемелердің басшыларымен бірлесе отырып
азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Кездесу және жеке қабылдау барысында келіп түскен барлық сұрақтар, ескертулер мен ұсыныстар қала әкімінің жеке бақылауына алынды.