Қала әкімінің Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесуі

Қала әкімінің Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесуі

Бүгін қала әкімі Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

9 ай ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары туралы айтып берді.

Кездесу барысында тұрғындар мектеп шатырын жөндеу, Қызылжар ауылында толық көлемді футбол алаңын салу, Суаткөл ауылының кіреберіс жолын жөндеу, коворкинг-орталыққа арналған Бөріктал ауылындағы ғимаратты жөндеу қажеттігіне қатысты мәселелерді айтты.

Кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Қызылжар ауылының саябағына барып, хоккей кортын орнату бойынша жұмыстардың барысын тексерді.