Қала әкімі ауылдық округ әкімдері мен қаланың мемлекеттік мекемелері басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді

Қала әкімі ауылдық округ әкімдері мен қаланың мемлекеттік мекемелері басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді

Бүгін қала әкімі ауылдық округ әкімдерінің, мемлекеттік мекеме басшыларының және коммуналдық кәсіпорындар директорларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.

Бірқатар сөгіс жариялады:

- Халықпен байланысын нашар жүргізгені, халықпен есеп беру кездесулерінде берілген тапсырмаларды тиісінше орындамағаны, мемлекеттік сатып алу бөлігінде бақылауды әлсіреткені үшін М. Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі Б. Сүкірге сөгіс жарияланды;

- Жылу желілерінің жоспарлы жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізбегені, апаттық-құтқару жасақтарын дұрыс ұйымдастырмағаны және штаттық бірлігін қамтамасыз етпегені, ыстық сумен уақтылы жабдықтамағаны үшін «Теплосервис-Ақсу» КМК директоры Қ. Д. Ибраевқа сөгіс жарияланды;

- Қоқыс алаңдарын орнату үшін жер учаскелерін уақтылы ресімдемегені, қаладағы субұрқақтарды қалпына келтіру жөніндегі тапсырманы тиісінше орындамағаны, балалар ойын алаңдарын орнату бойынша мердігерлік ұйымдардың орындайтын жұмыстарын нашар бақылағаны үшін сөгіс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б. Қ. Азаматовқа жарияланды.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:

1) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тежеу туралы.
2) 2023 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру барысы туралы.
3) Ағымдағы мәселелер.

Тыңдалған мәселелердің қорытындысы бойынша 15%-дан аспайтын сауда үстемесінің сақталуына бақылау жүргізуді, қайта өңдеу объектілерін іске қосу жөніндегі жұмысты күшейтуді, өңірлік жұмыспен қамту картасына сәйкес жұмыс орындарын құру бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Ағымдағы бөлім барысында қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын күшейтуді, Дөнентаев көшесі, 44 бойынша көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беруді бақылауға алуды, үйлерді жылыту маусымына дайындау және көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат дайындауды тапсырды.